Автор туралы Өлеңдер Жинақтар Әндер Зерттеулер Галерея Қонақ кітабы
← Барлық жинақтар

«Адырна»
48 өлең

Өлең

«Құран»

Әуелі аят, хадис сөздің басы, Қосарлы бәйіт, мысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы.

Өлең

Абайға

Жұп-жұмыр болған жырлары жылдармен бірге жылжыған, Салиқалы сөзімен

Өлең

Ақын

( С.Томановқа) Арамтамақтар, Адамсымақтар,

Өлең

Ақын өлді, көрпесі көрдің құмы,

Ақын өлді, көрпесі көрдің құмы, Білмейтіні осы ғой елдің мұны. Шарана-жыр тербеткен шайырларды, Шаршататын жалғыз-ақ елдің мұңы.

Өлең

Алаш

Олар... Сонау қария ғасырда Күмбезді көк етіп, Төсекті жер етіп жаратқан даланың,

Өлең

Ант

Іш-сыртым иістеніп, іріңдеп, Ит талап жүрегім жыртылсын. Қабырға сүйегім сөгіліп, Тіл-жағым түбінен қырқылсын.

Өлең

Астана

Астана жұртын айналған… (Махамбет) Анау…

Өлең

Астанам саған

Анадан адал сүт еміп, Қасиет құтыңды білдік. Атадан адал қан алған, Көк түркі тұқымы едік.

Өлең

Ашу

Шіркін, ана зәулім үйдің ғажабы-ай, Онда тұрған адамдарға бақ қонған, «Таз үкімет» біз сияқты сорлылар Тамсансын деп сап қойған.

Өлең

Ән

(Еркін Шүкімәнға) Cал Біржан, алдыңызда Ақан, міне! АЛАПАТ...

Өлең

Базына

(Қайрат Рысқұлбековтың рухына) Обалымды О дүние шешеді, Бар болғаны, адаммын һәм мүрдемін.

Өлең

Бес күндік сәуле едім...

Келген жағым жер еді, Кетер тұсым көк еді... (Автор)

Өлең

Билікті сүймеймін

Билікті сүймеймін Қазақты сүймейтін, Еміреніп тегіне тартпаған, Апайтөс ұлына жәрмеңке тәшкісін сүйретіп,

Өлең

Дауыс

I ( М.Ешекеевке ) Алты қырдың астынан ұйтқып бір соққан дауысы

Өлең

Деп келдім

«Тар жол, тайғақ кешумен» қазағым қайғы көп көрдің, Шерленіп жүрді жүрегім

Өлең

Досқа сыр

Қара өлең – қабырғам кеңестім, Ойласам бес күндік елеспін. Алланың құлы едім, ол рас, Ақшаға құл болған емеспін.

Өлең

Дүние

Дүние! Иленудемін иіңе, Төсекжады ұлдан қайыр жоқ, Тұтқаңа болмақ кім ие?

Өлең

Жас

Мен кетемін... тақап қалды-ау жарты күн, Жарты күннің қайтсем екен артығын. Сен естелік қалдыр дейсің қиылып, Не қалдырсам екен саған, жарқыным?!

Өлең

Жел шашақты жылқы күндер жосыған,

Жел шашақты жылқы күндер жосыған, Айтатұғын арызым бар, тоқташы. Қара жұрттың қалтасымен жазылған, Қайран менің,

Өлең

Жұмекенге

Қазадан қара басты ап қашуға, Әмірің қайда Тәңірмен соттасуға. Сен анаңның туғанда құрсағынан, Атың тұрған ажалдың тақтасында.

Өлең

Кектесу

Әкем қойшы, қойларға пайдалы адам, Кезінде оқу кезбей ай қараған, Әлсізді басқа теуіп ойнайтұғын, Замананың боларын ойламаған.

Өлең

Көрініс

Томар бастар немене тындырады, Көбік сөзбен көңілді сындырады. Бір көкемнің тойымсыз жанарынан, Мың момынның дауысы шыңғырады.

Өлең

Құса

Қарғам, маған қайғылы деп кінә артпа, Тұл тірліктен тұншықпаудың айт емін, Кіл мұңсыздың тірі өлігін көргенде Тітіркенбей, қайтейін.

Өлең

Мадақ

Әлемді жаратқан, Алла, Әкемді жаратқан, Алла, Адамды жаратқан, Алла, Анамды жаратқан, Алла,

Өлең

Мамырстан

Ауасы аққу аңқып сай гүлдеген, Мамырдың қай жерінен қайғы көрем. Жарықтық, жасыл көйлек жаз туғанда, Жұлдыз жусап, аспанда ай бүрлеген.

Өлең

МЕН

Бидайықтың көл шайқаған жалғызы... (Сүйінішұлы Қазтуған) Мен, мен едім, мен едім,

Өлең

Мен кешегі жылдары

Мен кешегі жылдары Кеудемді шалқақ ұстаған, Жақпардың жалқұз басы едім. Орақ тілім от бүркіп,

Өлең

Нама

Айкезбе болған пенде едім, Қос көлімнен қан аққан, Қос жағымнан зар аққан, Күрсінісіме күн сіңіп,

Өлең

Оркестр

Қоңыр дауысын құбылтып, Жайлаудың желі гуледі. Гулеген желге ырғалып, Ақ қайың ару биледі.

Өлең

Өлең

Жамағатқа жазғанша күлкілі өлең, Тақыр шабын тағдырдың түртіп өлем. Адамзатқа арғымақ жыр түлетем, Жүрегімің жып-жылы үлпілімен.

Өлең

Өлім

Дүниеге келмей бақ, Келсең бірақ өлмей бақ. (Қорқыт)

Өлең

Өлім

Бесік пен бейіт бір ұғым, Бейіт те сенің сыңарың. Алшақ деп әсте ойлама, Арасы жақын бір адым.

Өлең

Пайғамбар

Адамзаттың асыл тәжі, Пайғамбар Жолың жұпар болғаннан соң сізге ердік, Артыңыздан ақиқатты айтуға, Сізден кейін үр жалғанға біз келдік.

Өлең

Парыз

Мен қазақ едім! Алдыменен Алладан ар сұрағам, Содан кейін ақ адал мал сұрағам. Таңдайымда тарихым таңбаланып,

Өлең

Сен жаным, еске сақта!

Сен жаным, еске сақта! Бес күндік үр жалғанның баянсыз бекерлігін,

Өлең

Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр тарату

Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр тарату (Тыныштықбек) Сені ойласам, ойым – он сақ , миым –у,

Өлең

Сурет

Түн. Өзгелер уыз ұйқы ұртап алған, Кірпігім сусар басын шыққа малған. Ойларым зеңгір көктен ою тіліп,

Өлең

Сізге

Бір құрсақтан дүреген жетінші едім, Жан азабым жүйкемді жұлмалаған. Бір білерім, ол рас, өткінші едім, Маңдайымды мың қайғы тырмалаған.

Өлең

Таласбек

Ер өтті, ет жүрегін шоқтай қарып, Қаңтардық, қаракөкті қақпайладық. Дауылы қос ішекті керней-керней, Таласбек домбыраға кетті айналып.

Өлең

Таным

Бұрын шын бар бүгін шын, Ертең шын бар үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек.

Өлең

Тарих

Бөкен жон, бөрте қыраттар астында Шөптермен жабылған, Ақсөңке сүйектер сөйлейді, Не түйдік аруақтар зарынан?!

Өлең

Терісбұрау

Шер толқытса шығады. Тағы да торығу, Тағы да алдану, (Асан Қайғы) Қарынның қамы үшін,

Өлең

Толғақ

Ұйқымен кірпігімді құлыптап ап, Мен бейшара, жатқанда ашық ауыз. Жаратқанның сәулесі жырға айналып, Көкірегіме кетіпті жұмыртқалап.

Өлең

Ұшық

I ...Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, Тірлікте көзімізбен көреміз бе?.. (Ғ. Қараш)

Өлең

Хаққа сенем, ал басқа неге сенем?

Хаққа сенем, ал басқа неге сенем? Және жәми жалғанның кеңесінен, Ант етемін адамзат ешқашан да, Аса алмаған өзінің өңешінен.

Өлең

Хат

Кеудеңдегі мамырлаған дүрсілден, Менің тайқы маңдайыма нұр сіңген. Жан дүнием жап-жасыл боп бүрлеген, Жанарыңның исінен.

Өлең

Шежіре

(Міржақып пен Хақназарға) Қан-шежіре тамыр тартқан мәңгіге, Біздегі қан –

Өлең

Шеше

Біздің өмір – қара тірлік, қара нан, Қара түннің қауызынан зар алғам. Мен о баста жерге келмей тұрғанда, Жатыр деген жарты әлемде жаралғам.