Өлеңдер · 4/7 бет
Әкем қойшы, қойларға пайдалы адам, Кезінде оқу кезбей ай қараған, Әлсізді басқа теуіп ойнайтұғын, Замананың боларын ойламаған.
Томар бастар немене тындырады, Көбік сөзбен көңілді сындырады. Бір көкемнің тойымсыз жанарынан, Мың момынның дауысы шыңғырады.
Қарғам, маған қайғылы деп кінә артпа, Тұл тірліктен тұншықпаудың айт емін, Кіл мұңсыздың тірі өлігін көргенде Тітіркенбей, қайтейін.
Әлемді жаратқан, Алла, Әкемді жаратқан, Алла, Адамды жаратқан, Алла, Анамды жаратқан, Алла,
Ауасы аққу аңқып сай гүлдеген, Мамырдың қай жерінен қайғы көрем. Жарықтық, жасыл көйлек жаз туғанда, Жұлдыз жусап, аспанда ай бүрлеген.
Бидайықтың көл шайқаған жалғызы... (Сүйінішұлы Қазтуған) Мен, мен едім, мен едім,
Мен кешегі жылдары Кеудемді шалқақ ұстаған, Жақпардың жалқұз басы едім. Орақ тілім от бүркіп,
Айкезбе болған пенде едім, Қос көлімнен қан аққан, Қос жағымнан зар аққан, Күрсінісіме күн сіңіп,